АТ-мамандарына арналған конференция

16 қараша 2024 Алматы

Сіздерді не күтуде?


CodeTalks-АТ мамандарына арналған кәсіби конференция: бұл тізімге бэкенд пен фронтенд инженерлер, QA мен DevOps-мамандар, сарапшылар, өнім менеджерлері, топ жетекшілері мен т. б. кіреді.


Біздің басты мақсатымыз — кәсіпқойлар қауымдастығы мен АТ компанияларын бір алаңға біріктіру. CodeTalks — бұл күйбелең тірліктен көз ашып, тапсырмалар мен жобаларға басқа көзқараспен қарап, тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен трендтерден шабыт алудың таптырмас мүмкіндігі.

Codetalks-та АТ серіктестерінің көрмесі ұйымдастырылады, яғни нетворкинг пен пайдалы нәрселер көп болады деген сөз. Бағдарлама керемет мамандардың тәжірибесінен алынған нақты оқиғалар, жаңа тенденциялар мен адамдар мен АТ болашағы туралы пікірталасқа толы болады.

Оны Бағдарламалық комитет мұқият жинап, бекітеді. Маркетингтік бөлімсіз, тек мағыналы мазмұн мен хардкор ғана күтеді. Негізгі бағыттар Backend, Frontend, QA, mobile, DevOps, Management, Data Science болады. Сондай-ақ Құрылтай болмақ — бұл біздің сүйікті халықтық пікірталас форматымыз, ой өршітіп, ең өзекті тақырыптарға әңгіме-дүкен құрамыз.

Келіңіздер, көріңіздер! 16 қараша күні, Алматыдағы Арман кинотеатрында кездесеміз. Тіркелу де, қатысу да міндетті іс.

Біздің @codetalkskz телеграм-арнамыздағы жаңалықтардан алыстамаңыз

CodeTalks-те кездескенше. Барлығы керемет болады!

Офлайн қатысу

Оған не кіреді
  • Барлық залға кіру
  • Спикерлермен өтетін сараптамалық аймақтар
  • Серіктестер көрмесі
  • Күні бойы кофе-брейк
  • Конференциядан кейін бірден жазылған баяндамалар

Офлайн қатысу

Спикерлер

АТ-Серіктестер

Сұрақ-жауап

Информационные партнёры

Информацион-
ные партнёры